АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Желідегілер Қуандық Рахымды танымал түрік актеріне ұқсатуда (фото)[:]

[:kz]

 

Желі қолданушылары отандық танымал әнші Қуандық Рахымды әйгілі түрік актері Угур Гюнешке ұқсатып жатыр. Олар екі жұлдыз бір-бірінен айнымайды деген ойларын білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 

Қуандық Рахым мен Угур Гюнештің өзара ұқсастығы жөніндегі сауалнама Instagram желісіндегі uksastyk парақшасында жарияланған.

Жазбаның астында оқырмандар әнші мен актердің ұқсастығына қатысты өз пікірлерін белсенді түрде білдіріп, оларды қызу талқылауда.

Бұл суретке қатысты желі қолданушыларының ойы екіге бөлінді.

Бірі қос жұлдыз бір-бірінен айнымайды деп ойласа, енді бірі олардың мүлде ұқсастығы жоқ екенін жеткізіп жатыр.

«Айнымайды» , «Тура бір егіздей» , «Ұқсас екен расымен», «Ұқсастық бар екені анық» , «Қатты ұқсайды, әсіресе көздері » , «Шашы мен мұрты ғана ұқсамайды. Қалғаны айнымайды» , «Қатты ұқсайды екен» , «Түк ұқсастық көріп тұрған жоқпын» , «Мен осы актер түсетін киноны көргенде ұқсатып едім» , — деп жазуда көпшілік.

 
 
 

[:]