АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Желіде көп қабатты үйдің шатырында отырған балалардың видеосы тарады[:]

[:kz]

Әлеуметтік желіде Алматы облысындағы биік үйлердің шатырында отырған балалардың видеосы пайда болды. Кадрдан бес жасөспірімнің ғимараттың шатырында жүргенін көруге болады. Оның жартысы отырса, қалғаны емін-еркін қозғалып жүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 
Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

dorogi_almaty_official Instagram парақшасында жарияланған бейнежазбаның астында оқиға Қаскелең қаласы, Алтын ауыл шағын ауданында болған деп жазылған.

Видеоның нақты қашан түсірілгені және балаларының ісінен ата-аналардың хабары бар-жоғы белгісіз.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Алматы қаласында 10-шы қабаттың балконындааяқтарын салбыратып отырған балалардың фотосы пайда болғанын жазған едік.

Балконда қараусыз жүрген балалардың ата-аналарына айыппұл салынғанболатын.

 
  

[:]