Әншінің әкесі бөліскен суретте белгісіз біреулердің ақшаға қатысты жазба қалдырғаны баяндалған.

 

 
Белгісіз біреулер әнші Димаш Құдайбергеннің атын жамылып, фейк аккаунтпен жалған ақпарат таратуда, деп хабарлады paryz.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Олар әншінің Instagram желісіндегі фотосуретін пайдаланған көрінеді. Бұл жайлы әншінің әкесі Facebook-тегі парақшасында жазды. Қанат Айтбаев көпшілікті алаяқтардан сақтануға шақырады.

“Назар аударыңыздар! Бұл – жалған парақша. Алаяқтардан сақ болыңыз”, – деп жазды Қанат Айтбаев.

Әншінің әкесі бөліскен суретте белгісіз біреулердің ақшаға қатысты жазба қалдырғаны баяндалған.

“Мен Димаш Құдайбергенмін. Мен 500 мың АҚШ долларын таратамын. “Махаббат” деп жазған алғашқы 100 адамға 5000 доллардан жолдаймын”, – деген жазба қалдырған белгісіз адамдар.

Рубрика: