АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Желіде Димаш Құдайбергеновтің жұмыртқа сатқан кездері бейнеленген видео пайда болды[:]

[:kz]

Әлеуметтік желілерде видео мұрағат жарияланды. Оның кадрларында отандық әртіс Оралда концерттен ақша таппақ болып, енді вокзалда достарымен бірге жұмыртқа сатуға мәжбүр екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
Желіде Димаш Құдайбергеннің жұмыртқа сатқан кездері бейнеленген видео пайда болды

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash, Видеодан кадр

Бейнеролик Димаш Құдайбергеннің Instagram әлеуметтік желісіндегі фан-парақшасында пайда болды.

Видеода Диматың достарымен бірге Оралдағы вокзалда тұрғанын көруге болады. Оның айтуынша, олар концерттен ақша таппақ болған, алайда ол іс жүзеге аспаған себепті жұмыртқа сатуға мәжбүр болған.

«Жұмыртқа сатып жатырмыз Оралда. Солай болып қалды» — деді әнші достарын күлдіртіп.

Видео астында автор сол кезде Димаш Құдайберген өзінің болашақта жұлдыз болатынынан тіпті, хабарсыз екенін жазған.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген әлемге әйгілі актер Джеки Чанға қазақсандық өндіруші өндірген костюм сыйлағанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ, өнер иесі әр кездесуінде қытайлық актерімен әңгімелесуден жағымды әсер алатынын атап өтті. Ол Чанның өзге әртістерден ерекше екенін және рухани бай екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін отандық әнші Димаш Құдайберген әйгілі қытай актері Джеки Чанға қонаққа келгені туралы хабарланған болатын.

 

 

[:]