АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жарияланды (видео)[:]

[:kz]

Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі әншінің орындауындағы жаңа Couldn’t Leave («Таба алмай жүрмін») әнінің бейнежазбасы желіде кең тарады. Бұл туындыны өнер иесі бір телехикаяның саундтрегі ретінде жарыққа шығарған. Бұл жаңалықты Димаш осыдан біраз бұрын желідегі парақшасында бөлісті.

«Бүгін менің жаңа телехикаяға арнап жазған саундтрегім шығады», — деп жазды Димаш Құдайберген.

Әншінің тыңдармандары бұл туындыны асыға күткен. Солардың бірі енді Димаштың әндерінің барлығын жақсы көремін деп мәлімдеме жасап, өнер иесінің талантына тағы бір мәрте тәнті болғанын жеткізген. 

«Сенің әндеріңнің барлығын қатты жақсы көремін деген шешімге келдім. Өйткені олардың әрқайсының өзіндік тарихы мен оқиғасы бар. Ол оқиғаны күнде тыңдай бергің келеді. Құрметті, Димаш! Әнге ерекше мағына беру сенің ғана қолыңнан келеді. Тек сен ғана әрбір сөзді, нотаны сезінуге қауқарлысың», — деп жазды ол. 

[:]