Әлеуметтік желілерде жерімізді қорғап, үндемей қалмауға шақырған видеолар таралып жатыр. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, онда “Қалқан-2021” оқу-жаттығуларында түсірілген кадрлар көрсетілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. “

2021 жылғы 17 сәуірде жекелеген электрондық ақпараттық ресурстарда Атырау облысында өтіп жатқан акциялар туралы видео тарала бастады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Әлеуметтік желілерде тараған видеода “Қалқан-2021” оқу-жаттығулары көрсетілген.

Осыған байланысты ұлттық ұауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі отандық БАҚ редакцияларынан мұндай материалдарды қайта жариялағанда немесе оған сілтеме жасаған кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүгініп, ақпаратты растауды немесе түсініктеме алуын сұрайды. Сондай-ақ ҰҚК жалған ақпарат таратпауға шақырады”, – делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі оқу-жаттығуға дайындық барысында әскери іс-қимылдармен қатар асимметриялық шаралар қолданылатын, радиоэлектрондық күрес құралдары мен пилотсыз техника қолданылатын қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың мүмкіндіктері ескерілгенін хабарлаған болатын.

kaz.nur.kz/

Рубрика: