АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Желіде Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің балаларды ұрып-соққаны түсіп қалған видео тарады (видео)[:]

[:kz]

Желіде балабақшадағы тәрбиешінің балаларға қатыгездікпен қарағаны түсірілген видео тарап кетті. Видеодағы жазбада оқиғаны Алматыдағы балабақшалардың бірінде орын алғаны жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде тараған видео кадрларынан тәрбиешінің төсекте жатқан баланың жанына келіп, оны жұлқылап тартып, басқа бөлмеге алып бара жатқаны көрінеді. Артынша ол басқа баланы да сол бөлмеге апарады. Сонымен қатар әйелдің оларды бірнеше рет бетінен ұрғаны байқалады.

Кадр сыртында ата-аналардың болған жайтты көріп, талқылап жатқаны естіледі. Ал бір әйел, болжам бойынша тәрбиеші, жыламсырап, кешірім сұрауда.

 

ҚР ІІМ баспасөз қызметі видеожазбаның тексеріліп жатқанын айтты. 

«Оқиға орнын анықтау үшін шаралар қолданылып жатыр. Артынша процессуалдық шешім қабылданады», — дейді ІІМ-дегілер. 

 Stan.kz 
 

[:]