Қазақстан 02.02.2020-да арнайы әуе рейсімен 83 қазақстандық пен 24 шетелдікті елге жеткізген еді. Одан кейін қырғыз елінің 18 азаматы арнайы ұшақпен Бішкекке жөнелтілді.

Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз тарапы бастамашы болды. Мемлекет басшылары алдымен қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастардың қазіргі ахуалын және оны одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Қазақстан президентінің 2019 жылғы қарашада Қырғыз Республикасына жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру қажеттігі айтылды.

«Тараптар кеден бекеттеріндегі жүк тасымалы рәсімдерін жеңілдету мақсатында цифрлық технология саласы бойынша ықпалдастық орнату мәселесін қарастырды» делінген ақпаратта.

Сол сәтте Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның Ухань (ҚХР) қаласынан қырғыз азаматтарын эвакуациялауға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Еске сала кетсек, Қазақстан 02.02.2020-да арнайы әуе рейсімен 83 қазақстандық пен 24 шетелдікті елге жеткізген еді. Одан кейін қырғыз елінің 18 азаматы арнайы ұшақпен Бішкекке жөнелтілді. Ал Армения мен Беларусь азаматтары карантин аяқталғанша Қазақстанда 2 апта бола тұрмақ.

Рубрика: Uncategorized