АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]»Жауып тастау керек»: Желіде Беларусь жанкүйерлері Қазақстанмен өткен матчтан алған әсерлерімен бөлісті [:]

[:kz]

 

Беларусь құрамасының жанкүйерлері ВКонтакте желісіндегі «Родны футбол | Футбол Беларусi» парақшасында Қазақстанмен өткен матчтан алған әсерлерімен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

«Футболды толығымен әуесқой деңгейге ауыстыратын кез келді. Өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері, дәрігерлер күні бойы жұмыс істеп, ал кешке доп тебеді.

Бұндай кәсіби футболдың мағынасы жоқ», «Қазақстанның жолы болып кетті», «Ұят», «Болды, құраманы жауып тастау керек. Бұл жақсылыққа апармайды. Бас бапкер көз сөз айтқанымен, іске келгенде ешқандай нәтиже көрсетпеді»

, «Қазақстан лайықты түрде жеңіске жетті», «Енді Сан-Марино, Мальтамен ойнайтын болдық»,

«Жақында Мозамбиктен ұтылатын боламыз» деді олар.

Еске сала кетейік, кеше, 22 қыркүйекте УЕФА Ұлттар лигасының маңызды ойынында Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Беларусь футболшыларын қабылдап, 2:1 есебімен тарихи жеңіске жетті. Қазақстан сапында Габышев пен Зайнутдинов мергендігімен көзге түсті. Осы жеңістен соң Қазақстан құрамасы өз тобында жеңімпаз атанып, УЕФА Ұлттар лигасының «В» лигасына шықты. Сонымен қатар біздің футболшылар 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің жолдамасына таласу құқығына ие болды

kaz.nur.kz/

[:]