АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Жастарға еркіндік беріңдер»: Меруерт Түсіпбаева келіндеріне қинайтын енелерге үндеу жасады [:]

[:kz]

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева қоғамда қызу талқыланып жатқан келін мен ене мәселесіне қатысты өз ойын айтты. Өнер иесі жаңа босағаны енді ғана аттаған аруды бірден жұмсап, тыныштық бермейтін енелерге шүйлігіп шықты. Эстрада жұлдызы бүгінде жастардың қарым-қатынасы араласпай, оларға барынша еркіндік беру керектігін атап өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ. Жақында ғана алғаш рет ана атанған Жанар Айжанованың қызы жолдасымен не себепті ажырасқанын күллі Қазақстанға жария еткен болатын.

Айжұлдыз Адайбекованың енесімен қарым-қатынасы дұрыс болмай шыққан. Дизайнер арудың сөзінше, оның аяғы ауыр болғанда күйеуінің анас басқа келінді талап еткен.

Бұл жайттарға байланысты Меруерт Түсіпбаева келіндер мен енелер мәселесіне қатысты өз ойын айтып өтуді жөн көрген. Өнер иесі Instagram парақшасында арнайы жазба жариялап, енелер қауымына үндеу жасады 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)

«Осы өзекті тақырып аясында әңгіме көп. Біз, қазақтар: “Ұят болады“ деп жылы жабамыз. Айжұлдыз, ажырасуының себебін ашық айтты! Келісемін! Келін- үй шаруасымен айналысатын жұмысшы емес! Сол келін, бұрын сол үйде болмағанда, әлі келін болып түспей жатқанда, еден жуылып, шаң сүртілді емес пе?! Аш отырған ба, сонда, сол үйдің адамдары, келіннің түсуін күтіп?! Мен, өз басым, біреудің алақанға салып өсірген қызын, өзге босағаны аттай сала, жұмсай жөнелгенді құптамаймын! Казіргі жастардың денсаулығы да жарамайды оған.

Атам заманда, “Сарыағашқа” келін болып түскенімде, беташар біте сала қайын апам, шаңсорғышты меңзеп “Тазала” дегені әлі есімде.

Адаптация қайда сонда?! Бөтен ортаға түсіп, онсызда мазасыз күй кешіп тұрған нәзік жандыға — бәрі стресс! Мен, талай рет сұхбат бергенде айттым: “Мен, бір күн, келініммен тұрмаймын» деп . Ол, болашақ келінімді немесе баламды жақтыртпағанымнан емес! Бір тал балам- көзімнің ағы мен қарасы.

Жаңа ғана отбасын құрған, екі жас, өздерімен өздері болып, бір- бірімен тіл табысу керек, басында. Жоқ! Бізде, келінді құң қылып, екі жастың ортасына килігіп, ( әсіресе аналары) жаңа өмірге, жаңа уйренісіп жатқан жастардың есін шығарады! Ол — қате! Соның кесірінен Қазақстанда ажырасу көп! Жастарға еркіндік беріңдер! Өз сезімдерін тексеріп көруге мүмкіндік беріңдер! Оларды жайына қалдырыңдар! Өз өмірлеріңмен өмір сүріңдер! Менің айтарым осы», — деді әнші.

kaz.nur.kz

 

[:]