25 февраля, 2020 Comments Off on «Жас Алаш» толығымен билік бақылауына өтті»: Инга Иманбай құрылтайшыларға қысым жасалғанын айтты

«Жас Алаш» толығымен билік бақылауына өтті»: Инга Иманбай құрылтайшыларға қысым жасалғанын айтты

Олар Алтынбек Сәрсенбайұлының жақын туыстарының бірінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын, егер Инга Иманбайды бас редакторлықтан босатпаса қамауға аламыз деп қорқытқанын айтқан.

«Жас Алаш» газетінің қаңтар айының басында келген бас редакторы Инга Иманбай facebook парақшасында қызметінен газет құрылтайшыларына қысым жасалуына байланысты кеткенін мәлімдеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Редакция саясатын күрт өзгертіп, Назарбаевтың өзі мен әулеті туралы өткір материалдар шығара бастадық. Осыған және Жанболат Мамайдың әйелі екендігіме байланысты, «Жас Алаш» газетінің құрылтайшысы, марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының әйеліне қысым жасалды» деп жазды ол.

Бұл ретте, Инга Иманбай Алтынбек Сәрсенбайұлының әйелі Салтанат Атушева және немере інісі Нұрлан Сәрсенбаймен әңгімелескен. Олар Алтынбек Сәрсенбайұлының жақын туыстарының бірінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын, егер Инга Иманбайды бас редакторлықтан босатпаса қамауға аламыз деп қорқытқанын айтқан.

«Салтанат Атушеваға белгілі бір ведомствоның генералы келіп, мені міндетті түрде 22 ақпанға дейін босату жөнінде қатаң талап қойды. Газеттің Жанболат Мамайға қатысы жоқ дегенімізді тыңдамады. Салтанат Атушева мені бас редактор қызметінде қалдыру үшін қолынан келгеннің бәрін жасады, бірақ, қатты қысымнан соң босатуға мәжбүр болды. «Жас Алаш» толығымен билік бақылауына өтті», - дейді Инга Иманбай.

Загрузка...

Комментирование закрыто.