14 сентября, 2019 Comments Off on “Жарайсың, азамат!”: Елеусінов жеңіліп көрмеген америкалықты бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді (видео)

“Жарайсың, азамат!”: Елеусінов жеңіліп көрмеген америкалықты бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді (видео)

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов америкалық қарсыласы Решард Хиксті мерзімінен бұрын жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

10 раундқа ұласады деп жоспарланған жекпе-жек Madison Square Garden аренасының Hulu Theatre кіші залында өтті. Бұл кештің басты оқиғасы америкалық Девин Хэйни мен ресейлік Заур Абдуллаев  арасындағы жекпе-жек еді. Олар жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпионның WBC ваканттық титулы үшін таласады. 

Елеусінов пен Хикс арасындағы жекпе-жек он раундқа созылғанымен, небәрі бірінші раундта аяқталып қойды. Қазақстандық қарсыласын нокдаунға жіберіп, кейін тағы соққы астына алды. Хикс екінші рет канвасқа түскеннен кейін рефери жекпе-жекті тоқтатты. 

Осылайша 28 жастағы қазақстандық өзінің кәсіби карьерасындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Ал 34 жастағы Хикс алғаш рет жеңілді. 

 Stan.kz 

Загрузка...

Комментирование закрыто.