2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарының қарсаңында Жапонияның Тиба қаласында ерекше жылжымалы мешіт жасалынды. Көлік үстіндегі мінәжат орынында 50-ден астам адам бір уақытта намаз оқи алады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жылжымалы мешіт жолда жүріп бара жатқанда қарапайым ғана жүк көлігі сияқты көрінеді. Ұзындығы 12 метр, ені 2,5 метр. Дегенмен, көлік тоқтаған кезде қатпарлы тіркеме жайылып, жалпы көлемі 48 шаршы метрлі мешіт пайда болады.

Мен будда дінін ұстанамын. Дегенмен, өзге діндегі адамдардың қолайлы әрі оңай құлшылық жасағанын қаладым”, – дейді көлік үстіндегі мешітті жасау ісі бойынша құрылған комитеттің төрағасы Ясухару Иное.

Жылжымалы мешіттің жасалуындағы басты мақсат – елге келген қонақтарға қолайлы жағдай жасау мен ерекшелікті көрсету. Көліктегі құлшылық бөлмесінде дәрет алатын су мен желдеткіш қарастырылған.

 

Дайындаған: Әділет Мәдениет

«Қамшы» сілтейді

Рубрика: