АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ»: Сақатов басы дауға қалған Сейфуллинге араша түсті (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Алмат Сақатов досының кінәлі екенін мойындай отырып, Сейфуллиннің қателігін ел болып кешіруді сұрады.

Танымал отандық актер, сатирик Алмат Сақатов жұртты дүрліктірген досы Сейфуллин Жолбарысты қызғыштай қорғауда, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актер Сейфуллин Жолбарыстың дүкенші жігітпен сөзге келіп қалған видеосын көргенін Instagram-парақшасында мәлімдей отырып, досына араша түсу мақсатында видеожазба қалдырды.

«Баяғыда бір ақсақал ақ қағаздың бетіне кішкене қара нүкте салып, оқушыларынан не көріп тұрсыңдар деп сұрапты. Сонда шәкірттерінің барлығы қара нүкте көріп тұрмыз депті. Бұны тыңдаған ақсақал: «өмірде үйреніңдер, сендер мына жерден қара нүктені көреміз деп, үлкен ақ қағазды көрмей тұрсыңдар» деген екен. Құрметті ағайын, жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Сондықтан да сәл бір сүрінген екен деп жерден алып, жерге салу қажет емес», — деді әртіс Instagram-дағы парақшасында.

Алмат Сақатов досының кінәлі екенін мойындай отырып, Сейфуллиннің қателігін ел болып кешіруді сұрады.

«Әрине, қателік, бірақ жігітті демейтін қасындағы елі, достары ғой. Аман болыңыздар», — деді Сақатов. 

 

[:]