АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жаңқош Тұраров қарсыласын нокаутқа жіберіп, WBO титулын жеңіп алды (видео)[:]

[:kz]

Нұр-Сұлтандағы «Барыс-Арена» спорт кешенінде отандық боксшы Жаңқош Тұраров қарсыласы аргентиналық Максимилиано Годойды нокаутқа жіберіп, WBO титулын жеңіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Бұл туралы Қазақстанның кәсіпқой бокс қауымдастығы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

10 раундқа есептелген жекпе-жек үшінші раунда отандық боксшының сенімді жеңісімен аяқталды. Жанқош Тұраров Максимилиано Годойды нокаутқа түсіріп, WBO титулын қанжығасына байлады.

Айта кетейік, бұл жеңіс 28 жастағы қазақстандық былғары қолғап шеберінің манбасындағы 24-ші жеңісі болып табылады.

  

[:]