22 февраля, 2019 Comments Off on Жандарбек Бекшин жұмыртқа жайлы: «Бұл 100 пайыз жалған»

Жандарбек Бекшин жұмыртқа жайлы: «Бұл 100 пайыз жалған»

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің басшысы Жандарбек Бекшин Өскеменде пластикалық жұмыртқалардың пайда болуы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Бұған дейін Өскемен қаласының тұрғыны жасанды жұмыртқаны көрсетіп, түсірген видеосын желіге жариялаған еді.

«Бұл 100 пайыз жалған. Біз Өскеменде тексеру жүргіздік, оларды еш жерде таппадық, оларды ешкім бізге ұсынған жоқ. Бейнені түсірген адамды ешкім таба алмады. Бейнеде жалған нәрсе көрсетілген. Олардың қолдарынан басқа ештеңе де көрінбейді. Тек дауысы естіледі, кім екені белгісіз», – деді брифингте сөйлеген Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, бейнематериалдар жұмыртқадағы таңба белгісі Қазақстандікі емес екені көрсетіледі.

«Бұл мүлдем жалған. Халықты Қазақстанда мұндай нәрсе жоқ екеніне сендіргіміз келеді », – деді ол.

Дереккөз: stan.kz

 
Загрузка...

Комментирование закрыто.