03 декабря, 2019 Comments Off on “Жанболат қызым қатайсын деді”: Жазира Байырбекова сәбилі болғанын неге жасырды

“Жанболат қызым қатайсын деді”: Жазира Байырбекова сәбилі болғанын неге жасырды

Жұлдызды жұп Жазира мен Жанболат 22 жылдан соң сүйген қыздарының өмірге келуін неліктен жасырғандығымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы  Жазира Байырбекова Instagram парақшасында жазды. Cөзінше, көптен бері сәбилі болғандығын айтуға күйеуі Жанболат Ербатыров рұқсатын бермеген көрінеді. 

"Бірнеше ай бұрын орын алған отбасымыздағы қуанышымызбен бөлісуге папамыздан тан бүгін рұқсат алдық!" - деп жазыпты Жазира. 

Қуанышты жаңалықты естіген жұрт нәрестеге ұзақ ғұмыр тілеп, әнші жұпты құттықтап, жарыса ниет білдіріп жатыр. 

Әлеуметтік желідегі посттың астында "балапанның бауы берік болсын", "Жанболат, Жазира , Қазыбек, шын жүректен құттықтаймын! Алла бақытын еселеп берсін", деген сынды жазбаларды байқауға болады. 

"Осы күнді күттік. Жанболта қызым қатайсың деген соң жариял қылмадық. Кіндік қызымның байы берік болсын! Қырқынан бірге шығардық. Дара қызымыз аман өссін", - деп жазыпты әлеуметтік желі қолданушыларының бірі.

Загрузка...

Комментирование закрыто.