АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жанар Хамитованың асылып қалғаны рас па? Әншінің өлімі жайлы ағасы айтып берді[:]

[:kz]

Жанар Хамитова 30 жасында қыршыннан қиылды. Желіде жас әншінің асылып қалғаны туралы ақпарат тарады. Ал, Жанардың ағасы қазаның қалай болғанын хабарлады. 

Журналист Дина Төлепберген парақшасында әншінің ағасы Тәшібек Хамитовтың сұхбатын жариялады. Ол әншінің неден көз жұмғанын айтты. 

«Жанардың Қарқаралыға келгеніне екі-үш күн болған. Үй жинап, еден жуып жатқанында жүрегі тоқтап мерт болды. «Асылып қалды» деп желіде тарап жатқан қаңқу әңгіменің бәрі жалған», — деді ол Руслан Өтепбайға берген сұқбатында.

«Қаңқу, қауесеттен ада болып, жақындарына көңіл айтайық», — дейді Руслан Өтебай.

Бүгін Жанар Хамитованың қаза болғаны туралы қаралы хабар жарияланды. Желіде әншінің асылып қалғаны туралы да айтылып жатты.

Әншінің қазасын полиция растап, тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. 

«Желіде Жанар жайлы қанқу сөздер өріп жүр. «Асылып қалыпты, өзіне қол жұмсапты» деп көсіліп жатыр білгіштер. Ал шынтуайтына келгенде Жанардың нәзік жүрегі мына өрімтал өмірге шыдас бермей өз соғуын тоқтатты. Нақтысы осы. Жалған ақпаратқа бой алдырмайық. Жанар, жатқан жерің жайлы болсын», — деп жазд Дина Төлепберген.

Жанар Хамитованың жерлеу рәсімі сәрсенбі күні өтеді. 

https://stan.kz/zhanar-hamitovanin-asilip-kalgani-ras-pa-anshinin-olimi-zhayli-agasi-aytip-berdi-321998/

[:]