АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жанар Айжанованың қызы бал айы қалай өтіп жатқанын көрсетті (видео) [:]

[:kz]

 

Отандық танымал әнші әрі актриса Жанар Айжанованың жалғыз қызы жақында ғана тұрмысқа шығып, енді жолдасымен бірге бал айына аттанды. Жас жұбайлар бұл ерекше сәтті Ақтау қаласында өткізуді ұйғарған. Олар ерлі-зайыпты ретіндегі алғашқы демалысы қалай өтіп жатқанын көпшілікке көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Айжұлдыз Адайбекова Instagram парақшасында бал айы кезіндегі видеосымен бөлісіп, барша оқырмандарын тәнті етті.

Бейнежазбада ол қонақ үйдегі бөлмесінен балконға шығып тұрғанын көруге болады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Can you feel me?? @kyran_talapbek #rixosmoments @rixoswaterworldaktau

Публикация от Aizhuldyz Adaibekova (@aizhuldyz_adaibekova)

Артынша оны жолдасы келіп құшақтап, бетінен сүйеді. Оған қоса, видеороликте Каспий теңізінің асқан сұлулығы көрініс тапқан. Бірер күн бұрын ғана ерлі-зайыпты атанған қос ғашық қазір Ақтау қаласындағы аса қымбат қонақ үйлердің бірінде демалуда.

Аталмыш орын карантин уақытында қазақстандықтар арасында кеңінен танымал болды.

Пандемия салдарынан шетелге шыға алмаған отандастарымыздың көбісі осы жылы жазғы демалысын сол жерде өткізуді жөн санаған. Желі қолданушылары Айжұлдыз Адайбекова мен Қыран Талапбектің видеосына сүйсіне қарап, оларға деген жылы лебіздерін білдірді. Көпшілік жас жұбайларды құттықтап, ақ тілектерін жаудырған.

Қандай керемет жер, жақсы демалып қайтыңыздар» , «Керемет, бақытты болыңыздар. Сіздерге де, Каспий сұлулығына да көз тоймайды» , «Ақтауға кош келіпсіздер» , «Неткен әдемі көрініс. Сіздер де, табиғат та керемет» , «Өте жарасымды жұп, көз тимесін» , «Бақытты болыңыздар» , «Жақсы демалыс болсын, қуаныштымыз сіздер үшін» , — деп жазды олар. Айта кетейік, бұған дейін Жанар Айжанованың жалғыз қызын ұзатқанын хабарлаған болатынбыз. Қ

kaz.nur.kz

 

 

[:]