АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жанар Айжанова: Бекболат Тілеуханның анасы мені келін қылып ұлына алып бергісі келді[:]

[:kz]

Өзін бақытты жан санайтын әнші Жанар Айжанова өміріндегі бір өкініші, бір кем дүниесі туралы айтып берді. Айтуынша, Бекболат Тілеуханның анасы өзін келін қылып алуды армандаған. Алайда достықтан аса алмадық дейді өзі. 

Бекболат Тілеуханның анасы әнші Жанар Айжанованы ұлына алып беруді армандаған. Бұл туралы әнші Жанар Айжанова Ең алғашқы бағдарламасында айтып берді. 

 

«Бекболат екеуіміз дос болдық, қатар шықтық. Бекболат – нағыз азамат, өнерін жақсы көремін. Мамасы мені қатты жақсы көргені соншалықты оңашада жылап та айтатын «Арманым – сені Бекболатқа алып берсем» дейтін. Алайда Бекболат екеуіміз достықтан аспадық», — деп өткенді еске алды өнер иесі.

«Бір кем дүнием – екінші тұрмысқа шықтым ғой, екеуіміздің арамызда бала жоқ. Арманым ер азаматымның өз кіндігінен Айжұлдызымның соңынан еретін іні болатын, не сіңлісі болып қарайласып жүретін бір перзент болса. Біз айтамыз, Алланың дегені болады. Маған салса, бірінші соны қалар едім», — дейді Жанар Айжанова.

Алайда барын бағалай білетін өнер иесі осы күніне де шүкіршілік ететінін айтты.

Ер бала сияқты өскен Жанар Айжанова балалық шағын еске түсірді. Өзінен жасы үлкен ағасы қарындасының қызыққа толы балалық шағын бүкпесіз баяндап берді.

«Ер бала сияқты өсті. Ер бала сияқты басы тақыр, кішкентай кекіл қоятын. Ол кезде шорты жоқ, қара трусы киіп алады. Жалаңаш. Бірінші сыныпқа барарда бұзық болып, мектеп формасын қыз баланікі деп кимей, шатақ шығарды. Бізбен бірге рогатка атып, ләңгі тебетін, аяқ ойнайтын. Мұғалімдері фамилиясын сұраған. Бұл «Айжанова» деген. Бірге оқыған сыныптасы «немене, сен әжеңнің фмилиясына жазылғансың ба?» деген ғой. Сол жерде сонымен шатысып, мұрнын қанатып келіпті», —  дейді ағасы Серік Кетіков.

Қара дамбалды киіп алып, атпен жайдақ шабатын Жанар «Шашым жыныма тисе, оңды-солды қайшымен кесіп тастайтынмын» деп еске алып күлді өнер иесі. 

 
 
 
 
 
 

[:]