АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жаңаөзенде көше ортасында басын жұмыртқа мен коламен жуған қыз жаға ұстатты[:]

[:kz]

Жаңаөзенде көшенің қақ ортасында басын жұмыртқа мен газды сусынмен жуған бойжеткен жаға ұстатты. Жолға жүгіріп шығып, түсініксіз әрекеттер жасаған аруды оқиға куәгері видеоға түсіріп алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

 

Lada.kz сайтында жарияланған бейнежазбада арудың көше ортасында басына бірнеше жұмыртқаны жарып, артынан шашын кола сусынымен шайғаны көрініс тапты.

Бойжеткен орындаған түсініксіз рәсім желі қолданушыларын қатты таңғалдырды. Көпшілік оның психикалық ауытқуы бар деп болжады.

Алайда, кейіннен бәрі түсінікті болды.

Анықталғандай, видеодағы қыз құрбысымен 100 мың теңгеге бәс тіккен болып шықты. Бұл туралы ол өзінің Instagramпарақшасында айтып берді.

Бойжеткендердің бәстесуіне байланысты, олардың бірі көшенің қақ ортасында басына жұмыртқа жарып қана қоймай, шашын газды сусынмен жуып, артынан мұздай айран ішуі керек болған.

 
 
  

[:]