Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Айқын Төлепберген елге су жаңа көлігін көрсетті. Өнер иесі адал еңбегімен жаңа жылға өзіне сыйлық жасағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айқын Төлепберген жаңа жыл қарсаңында өзіне қымбат көлік сатып алды. Бұл туралы оның Instagram парақшасынан белгілі болды. “Бізде жаңа тұлпар. Енді ұшақпен ұшпаймыз. Қалаларды көлікпен аралайтын боламыз. Жаңа жылға өзіме сыйлық жасадым. Керемет сый. Өзімді жақсы көремін”, – деп жазды ол. Өнер иесі жаңа темір тұлпар алғанын отбасымен атап өткенін айтты. “Біз бүгін кафеде жаңа көлігімді жуып жатырмыз”, – деді ол. Желі қолданушылары жұлдызды отбасыны жаңа көлікпен құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: