АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Жаңа өмір»: Ажырасып кеткен Ақбота Сейітмағамбет хиджаб кие бастады (фото)[:]

[:kz]

 

Дәурен Айдарқұловтың бұрынғы әйелі Ақбота Сейітмағамбет стилін түбегейлі өзгертіп, ерекше образдарын хиджабқа алмастырды. Өнер иесі парақшасындағы барлық фотоларын өшіріп, оранып алған суреттерін ғана жариялап қойған. Әншінің мұндай өзгерісіне не себеп болғанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Аллаға Шүкір🌺

Публикация от Акбота-Нур 👑 (@akbotanurabaykyzy)

Ақбота Сейітмағамбеттің өмірінде үлкен өзгерістер орын алған көрінеді. «Кешью» тобында өнер көрсетіп танылған ару ажырасып кеткен соң, желіде асқан белсенділік танытқан болатын. Алайда, кейін Instagram кеңістігінен жоғалып, біраз уақытқа дейін желіден алыстап кетті.

Бірнеше апта бойы оқырмандарымен байланысқа шықпаған Ақбота оларға өзінің қайта оралғанын жеткізді.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Аль-Хамду-ли-Ллях🌸🌸🌸

Публикация от Акбота-Нур 👑 (@akbotanurabaykyzy)

Бірақ, шоу-бизнес жұлдызы енді түбегейлі өзгергенін көрсетті. Ол Instagram парақшасындағы барлық фотоларын өшіріп тастап, ел назарына өзінің хиджабтағы суреттерін ұсынған. Бұл жайт желі қолданушыларының таңданысын тудырғаны анық. Олар әншіні мұндай өзгерістерге не итермелегенін біле алмай әлек болып, оны сұрақтың астына алды. Қалың көпшілік Ақбота Сейітмағамбет бұрынғы жолдасымен қайта қосылып алғанын болжады. Алайда, бұл түжырымдарды әртіс әзірге жауапсыз қалдыруда. 

Еске сала кетейік, Дәурен Айдарқұлов соңғы берген сұхбатында енді тек оранған қызды ғана әйелдікке алуға ниетті екенін айтқан болатын. Сонымен қатар, Мөлдір Әуелбекованың өмірінде де ұқсас жағдай орын алған болатын. Өнер иесі екінші рет тұрмысқа шыққан соң, желідегі барлық фотоларын өшіріп, хиджаб киіп кеткен еді. Бүгінде ол сахнаға оранып шығып, өнер көрсетіп жүр.

kaz.nur.kz

 

[:]