Жамбыл облысында жезөкшелер қызмет ететін секс-притон ұйымдастырушылар құрықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жаңатас қаласында 33 жастағы әйел интимдік қызмет көрсететін притон ұйымдастырғаны белгілі болып отыр. 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қолға түскен келіншек кінәсін мойындап отыр. Жеңгетайлық жасаған бір ер азамат пен екі “түнгі көбелек” тіркеуге алынған. 

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде SPA-салонның атын жамылып, интимдік қызмет көрсеткендер құрықталғаны айтылған еді. 

Рубрика: