Жарылыс сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат кешкі 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт болды.

 

Өрттің салдарынан белгісіз заттар жарылды. Төтенше жағдай орнына өрт сөндіру бригадалары тартылды.

Оларға Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімдері көмек көрсетеді, – деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Өрт көзін жою жұмыстары жалғасуда. Себептер анықталуда.

Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың басшылығымен қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді.

 

 

Рубрика: