АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жалған хабар таратқан адам ұсталды (видео)[:]

[:kz]

Жалған хабар таратқан адам ұсталды (видео)

WhatsApp арқылы тараған жалған хабарламаның авторы ұсталды. Жалған ақпарат таратқаны туралы кешірім сұраған әйелдің видеосы жарияланды. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

«Мен жалған ақпарат таратып, елді дүрліктіргенім үшін барша алматылықтардан кешірім сұраймын. Шынымды айтсам ақпарат әлеуметтік желіге тарап, бүкіл қаланы дүрліктіреді деп күтпедім. Кешіріңіздер», — дейді видео авторы.

Жалған хабарламаның авторын полицейлер бір күн ішінде құрықтаған. «Хабарламаның авторы — 1991 жылғы Р., есімді азамат. Ол шын мәнісінде хабарлама авторы екенін мойындады. Р., бұл ақпаратты құрбысы айтқан екен. Қазіргі таңда оның іс-әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 4 бабының 274-бөлігі бойынша зерттеліп жатыр. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — дейді Алматы қаласы полиция департаментінің криминалдық бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Жанболат Зиадин.

 

[:]