26 июня, 2020 Comments Off on Жахан Отарғалиев пен Қайрат Әділгерей эфир кезінде сөзге келіп, төбелесіп қалды (видео)

Жахан Отарғалиев пен Қайрат Әділгерей эфир кезінде сөзге келіп, төбелесіп қалды (видео)

Желіде Жахан Отарғалиев пен Қайрат Әділгерейдің жаға жыртысып қалған видеосы тарап, елдің қызу талқысына түсті. Олар бағдарламаның түсірілімі барысында сөзге келіп, бір-біріне жұдырық ала жүгірген. Қос актер бұған дейін Нұрлан Қоянбаевтың фильміндегі басты рөл үшін таласқан болатын деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Шоу-бизнес жұлдыздары төбелесіп жатқан видео Instagram парақшаларында жарияланған. Бейнежазбада ашуға бой алдырған Жаханның Қайрат Әділгерейді қуалап жүріп соққанын көруге болады. Отарғалиев оны гитарамен аяусыз ұрған.

Оған қоса, қос актерді бағдарлама жүргізушілері Марат Оралғазин мен Ербекұлан Мырзабек ажыратуға тырысқан. Алайда, сөзге келіп қалған өнер иелері оларды елемеді. Әзілкештердің кикілжіңіне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Екеуі де бұл оқиғаға қатысты әлі пікір білдірген жоқ. Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Қоянбаев екі актер арасында таңдау жасай алмай, халықтың көмегіне жүгінген. Нәтижесінде "Бизнес по-казахски Түркияда" фильмінде Жахан Отарғалиев түсетін болып шешілді.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Не болып жатыр? 😱😱

Публикация от Кино.Видео.Пранк (@video.rom)

Алайда, актерлар өзара жарысы аяқталған соң, бір-біріне реніш пен өкпе-ыза жоқ екенін айтқан болатын. Олар араларында асқан сыйластықтың бар екенін көрсеткенімен, желіде төбелестің видеосы тарап кетті. 

 


Загрузка...

Комментирование закрыто.

2025d523818cd5cb