АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жағасы алқам салқам, жейдесінің қолтығынан тері аққан еркектің қадірі бөлек екенін ұқтым[:]

[:kz]

 

Күлкісі сыңғыр сыңғыр еткен дауысқа жалт қарадым. Күлгенсайын көзінің жиегін сипалап, саусағының ұшымен сызып қояды. Шашының екі жағын жылтырата алып, ұзын маңдай шашын төбесіне түйіпті. Екі тал кекілі кешкі самалдан желбіреп тұр. Желбіреген кекілін сүйрік саусақтарымен әр минөт сайын сипайды. Ұзын аяқтарын кезек кезек айқастырып, сызылып қояды. Аялдамасына жетсе керек, сылқымдана орнынан тұрып, үсті басын алақанымен қаққыштап, аяғын әзер басып, құйрығын бұлтыңдата жүріп, есік көзіндегі кондукторға беттеді. Кенет төсі жоқ екенін байқадым. О, Құдай әлгі шөпжелке еркек екен ғой! Сол сәт тізесі шығып кеткен джинсиымен талтайып тұрып, көзді ала бере «парт» еткізіп түкіре салып, жағасы алқам салқам, жейдесінің қолтығынан тері аққан еркектің қадірі бөлек екенін ұқтым…

 

Куралай Сейсенбеккызы

Фейсбуктегі парақшасынан
alashainasy.kz

 

 

 

[:]