17 января, 2020 Comments Off on Зейнетақысы төмен әжейлер келеді: Алматылық азамат зейнеткерлерге тегін көкөністер мен жеміс-жидектер таратуда

Зейнетақысы төмен әжейлер келеді: Алматылық азамат зейнеткерлерге тегін көкөністер мен жеміс-жидектер таратуда

Алматыда Рамазан Чаншанло есімді кәсіпкер қарт кісілерге арнап қайырымдылық дүкенін ашты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап. 

Кәсіпкер бұл туралы біраз ойланып жүріпті. Оған дейін ер азамат жалдайтын азық-түлік дүкеніне келетін қариялардың бірнәрсе алуға кей кездері ақшалары жетпей қалатын көрінеді. Бұл жағдай алматылық тұрғынды қатты қынжылтыпты. 

"Бізге зейнетақысы төмен әжелер жиі келеді. Көп жағдайда олардың ақшасы пайдалы жемістер немесе басқа заттар алуға жетпей қалады. Осыған байланысты әжелермен бірігіп, осы ойды ойлап таптық",- дейді Рамазан. 

Жемістер мен көкөністерді зейнеткерлер Абай көшесін 23/2  (Өтеген батыр көшесінің қиылысы) мекен-жайы бойынша алуға болады екен. Бұл мейірімділік бұрышын зейнетақысы тамақ алуға жетпейтін қарттар үшін құрған. 

Айтылған қайырымдылық шарасы туралы ақпарат жылдам тарап кетіпті. Қазіргі кезде басқа да кәсіпкерлер бұл ойды құптап жатыр екен. Сол себепті осындай мейірімділік бұрыштары қаланың әрбір жерінен ашылады деп үміттелініп отыр. 

"Зейнеткерлер тауарларды тегін алады. Алдағы уақытта бұл бастаманы жалғастырып, әрі қарай дамытамыз. Мүмкін ақпан-наурыз айларынан бастап азық-түліктер тегін таратыла бастайды", - дейді "Алматы" ӘКК-нің басшысы Нұрлан Әуесбаев. 

Зейнеткерлер қайырымдылық дүкенінің ашылғанына байланысты қуаныштарын жасырмады.

"Барлық қарияның қолы қажетті тауарға жете бермейді. Оған үлкен отбасы мен зейнетақының аздығы әсер етеді. Осындай мейірімділік нүктесін ашқан адамдарға алғысымды білдіремін. Мен бүгін алма алып бара жатырмын", - дейді зейнеткер Валентина Трубачева.

Мейірімділік бұрышы өткен жылдың қараша айында ашылған. Осы уақытқа дейін бір тоннадан астам азық-түлік тауарлары таратылыпты. 

 

Загрузка...

Комментирование закрыто.