АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Зәулім сарай»: Әнші Шахизада жаңа үйін көрсетті (фото, видео)[:]

[:kz]

Отандық танымал әнші Шахизада Байбатжанова жаңа үйге көшті. Баспаналы болған өнер иесін алғашқылардың бірі болып Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова құттықтап келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/gulziraaidarbekova Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Айдарбекова өзінің Instagram парақшасында Шахизаданың үйіне шашу шашып келген сәтін жариялап, оқырмандарына зәулім сарайды көрсетті. Бейнежазбадан әншінің үйіндегі жөндеу жұмыстары әлі аяқталмағанын көруге болады.

Анықталғандай, шоу-бизнес жұлдызы үш қабатты үй соқтырған. Оған қоса, жаңа үйіне Шахизада су жаңа көлігімен көшіп келген.

«Шахизада құдашамның қуанышына ортақтасып, шашуымызбен кіріп шықтық. Еңбекқорлығында шек жоқ. Таза ауа, керемет көрініс. 3 қабатты шаңырағың құтқа толсын! Көлігің тоза берсін, өмірің оза берсін» , — деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.

Желідегілер де Айдарбековамен қосылып, әншіні баспаналы болуымен құттықтап жатты.

 
 

[:]