АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Заттыбек Көпбосынұлының зәулім үйін алатын адам табылмай жатыр (фото)[:]

[:kz]

Жиһаздарымен қоса сатылатын бұл үйдің жалпы құнын риэлторлар 250 млн теңгеге бағалаған.

Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы өзінің зәулім үйінің жаңа иесін іздестіруде, деп хабарлайды Oinet.kz сайты. Танымал әнші бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жариялаған. 

«Өмір болған соң өзгерістер де болуы заңдылық шығар. Адал еңбектің жемісі болған шаңырағыма құда түсушілер болса» — деп жазған ол Instagram парақшасында. 

Аталмыш ақпарат көзінің жазуынша, әншінің 3 қабатты зәулім үйі Қайтпас-2 мөлтек ауданында орналасқан. 

«Кең қонақ бөлмелерімен, жатын бөлмелері, кинозалы және екі мезгілге арналған ас үй бар. Сәндік үйлесім таба білген заманауи үлкен отбасына арналған ғимарат. 16 сотық жер телімін алып жатқан жерде жазғы ас үй, ошақ бөлмесі, бу бөлмесі, бастырма, тапчан жане тағы басқалар карастырылған.  Жиһаздарымен қоса сатылатын бұл үйдің жалпы құнын риэлтор 250 млн теңгеге бағалады», деп жазады дерек көзі.

 

[:]