АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Владимир Жириновский қайтыс болды [:]

[:kz]

Ресейдің либерал-демократиялық партиясының жетекшісі, танымал саясаткер Владимир Жириновский дүниеден озды. Бұл туралы мемлекеттік дума спикері Вячеслав Володин Telegram-каналында хабарлады. «Ауыр және ұзаққа созылған сырқаттан кейін Владимир Вольфович Жириновский дүниеден өтті», — деп жазды Володин. Саясаткердің қайтыс болғаны туралы ақпаратты Ресей либералды-демократиялық партиясы да Telegram-каналында растады. «Бүгін ұзаққа созылған сырқаттан кейін РЛДП төрағасы Владимир Вольфович Жириновский қайтыс болды. Бұл бүкіл Ресей үшін, оның жақтастары үшін соққы», — делінген хабарламада. Сондай-ақ Ресей мемлекеттік думасының депутаттары Владимир Жириновскийді бір минуттық үнсіздікпен еске алған. Еске сала кетсек, 25 наурызда БАҚ беттерінде Владимир Жириновскийдің көз жұмғаны туралы ақпарат жарияланған еді. Алайда сол кезде Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын.

kaz.nur.kz

 

[:]