АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Вакцинация мәжбүрлі болмаған және болмайды да» — Біртанов[:]

[:kz]

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Денсаулық сақтау кодексінің жобасын қабылдау туралы, атап айтқанда, балаларды вакцинациялау туралы нормаға түсініктеме берді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Парламент мәжілісінің депутаттары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау саласындағы бірде-бір заң бұрын осындай ашық және ауқымды талқылаудан өткен жоқ: жұмыс тобының 42 отырысы өтті, 1000-нан астам түзетулер, 11 қоғамдық талқылау Нұр-Сұлтан, Алматы және облыстарда өтті.

 

«Вакцинацияға жеке тоқталғым келеді. Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде сапасыз вакциналар, теріс пиғылды сатып алулар мен вакциналарды дұрыс тасымалдамау, жоқ медициналық асқынулар және және көптеген бас тартушылар туралы әңгімелерден әсерінен Кодекстің қабылдануына, оның ішінде міндетті вакцинацияға қарсы даулар пайда болды. Бұл қоғамдық сананың ашық манипуляциясы! 

Қазақстанда вакцинация мәжбүрлі болмаған және болмайды да! Әлемнің кез-келген жеріндегі сияқты, біздің елде де ерікті және міндетті вакциналар болады. Бірақ әрбір жағдайда, ата-аналардың ақпараттандырылған келісімге немесе вакцинациядан бас тартуға құқығы бар және солай қалады! Вакцина салынбаған балалардың құқықтарын шектейтін ережелер жоқ! Ұжымдық иммунитетті, яғни балабақшаға баратын барлық балалардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін бір ғана норма бар», — деп жазды министр Facebook-те.

Оның айтуынша, 2019 жылы Қазақстанда 4,8 миллион бала егілген, ал егуден бас тартқандар саны — 6003, яғни тек 0,12 пайыз ғана болған.

«2019 жылы тек 143 бала жағымсыз көріністерге ие болды (температура, ісіну, терінің қызаруы), бұл 0,003 пайыз. Сонымен қатар, 2019 жылы Қазақстанда көз жұмған балалардың санын салыстырсақ, вакцинадан — 0! Сандар өздері үшін сөйлеп тұр», — деді Біртанов.

Ведомство басшысы Қазақстанда әрбір вакцина тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандарттарына сәйкес келетін қауіпсіздікке, тиімділікке және сапаға көп кезеңді тексеруден өтетінін атап өтті. Зертханалық зерттеулер жүргізіледі,сондай-ақ клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің тарихы, вакцинаның эпидемиологиялық тиімділігі тексеріледі.

«Тіркелгеннен кейін әкелінетін вакциналардың әр партиясы, сериясы қауіпсіздіктің және сапаның тағы бір сараптамасынан өтеді. Егер вакцинаны халықаралық ұйымдар сатып алса, онда ДДСҰ деңгейінде сапа қауіпсіздігі бағаланады. Бүгінде Ұлттық вакцинация күнтізбесі шеңберінде қолданылатын барлық вакциналар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының біліктілігін арттырудан өтеді. Бұдан бұрын біз қауіпсіздік пен сапаны бағалау процесінің қалай өтіп жатқанын бірнеше рет көрсеттік. Мұны ашық әрі мұқият жалғастырамыз», — деді министр

[:]