АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]​Ұшақты кері бұрыңыз, мен баламды ұмыттым![:]

[:kz]

 

Бұл – кино түсіруге тұрарлық оқиға, тіпті, «Один дома» фильмінің желісінен де қызықты деуге болады. Анасы баласын әуежайда ұмыт қалдырып, перзентін алу үшін бүтін бір ұшақтың пилотын кері бұруға мәжбүрледі.

Джидда қаласынан Малайзия астанасы Куала-Лумпурға бет алған ұшақтың пилотына көкке көтерілген соң әуе кемесін қайтадан кері бұруға тура келген. Себебі, жолаушылардың бірі баласының жоғалғанын айтып, ұшудан бас тартады.

Куәгерлер түсіріп алған видеода пилоттың өз кабинасында Джидда қаласына қайта қонуға рұқсат сұрағаны естіліп тұр. «Бір жолаушы әйел баласын терминалда ұмытып кетіпті, сол үшін ұшқысы келмей отыр», — деп түсіндіреді пилот диспетчерге қайта қонудың себебін.
Әуе кемелерін басқарушы мамандарға ұшаққа әуежайға қайта қонуға рұқсат беруден басқа амал қалмады. Анасы баласын терминалдан алды ма, ол жағын әуе компаниясының өкілдері анықтаған жоқ. Ал біз ұмытшақ ананың баласын алып, сапарын ары қарай жалғастырғанына сенгіміз келеді.

elitar.kz

 

[:]