АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Үш қаланың шаштараздары 2 күнде 52,3 миллион теңге табыс тапқан[:]

[:kz]

Салықтан жалтаруды азайту үшін жақын күндері Комитет тұтынушылар арасында жыл сайынғы «Чекті талап ет – жүлде ұтып ал!» акциясын қайта бастамақ.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 4 мамырдан жұмысын қайта бастаған шаштараз орталықтарының табысын жария қылды. Бақылауға Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы сұлулық салондарының табысы алынған деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпкерлер қызметтің бұл түрімен айналысу үшін клиенттерді тек алдын ала жазу бойынша қабылдуы тиіс.

Мемлекетттік кірістер комитеті кәсіпкерлердің тек екі күнде тапқан пайдасын есептеп, нәтижесін жариялады. Үш қаланың шаш қысқартушылары небәрі екі күнде 52,3 миллион теңгеге қызмет көрсетіп, 15 мыңнан астам чек шығарған. Бір клиенттен олар орта есеппен 3,5 мың теңгеден алып отырған.

Осы екі күнде ең көп пайда тапқан сұлулық салоны – Нұр-Сұлтан қаласында. Елордалық кәсіпкер қысқа ғана уақытты 1,7 миллион теңге табыспен жауыпты. Екінші орында 1,4 миллион теңге тапқан алматылық шаштараз иесі тұрса, үздік үштікті 1,3 миллион теңгемен Шымкент қаласының кәсіпкері қорытындылады.

Алайда, Мемлекеттік кірістер комитеті шаш қысқарту орталықтарының айналымындағы ақша бұдан әлдеқайда көп екенін айтып отыр. Өйткені, бірқатар салон иелері клиенттеріне чек шығарып бермейді екен. Тек есеп үшін тәулігіне 1-2 чек ғана шығару оқиғалары аз тіркелген жоқ делінген Комитет таратқан хабарламада.

«Талдау барысында 17,4 мың шаштараз мен сұлулық салондарының ішінде 16 мыңға жуығы өз қызметін әлі қалпына келтірмегені немесе онлайн БKM қолданбағаны анықталды. Одан бөлек, ауысым соңында бір-екі чекті шығару оқиғалары да байқалды. БКМ машиналарын пайдаланбау және чектерді бермеу кәсіпкерлік кірісті жасыру арқылы салық заңнамасын және тұтынушылар құқығын бұзу болып табылады», — делінген Комитеттің ақпаратында.

Салықтан жалтаруды азайту үшін жақын күндері Комитет тұтынушылар арасында жыл сайынғы «Чекті талап ет – жүлде ұтып ал!» акциясын қайта бастамақ.

«Жіберілген чектері үшін акцияға қатысушылар ұялы телефонының теңгеріміне бірден ақша ала алады. Ал, чек берілмесе, акцияға қатысушылар мобильді қосымша арқылы тиісті шағымды жібере алады. Егер шағым расталса, шағымданушының ұялы телефонының теңгеріміне кепілдендірілген ақша түседі. Әрбір берілген чек – бюджетке қосымша түсім», — деді Комитеттің баспасөз қызметі 

[:]