АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Ұлтшыл Марғұлан Боранбай мен блогер Данат Намазбай әлеуметтік желідегі жазбалары үшін 5 жылға сотталды[:]

[:kz]

 

Ұлтшыл Марғұлан Боранбай мен блогер Данат Намазбай Facebook желісіндегі жазбалары үшін 5 жылға қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін «Ұлттық алауыздықты қоздырды» деген күдікпен қамалған блогер-белсенді Марғұлан Боранбай Алматы қаласы ауданаралық сотының шешімімен үйқамаққа ауыстырылған болатын. 

Әлеуметтік желіде ұлттық сипаттағы жазбаларымен, ана тілінде сөйлей алмайтын қандастарын сынаумен танылған Марғұлан Боранбай Қылмыстық кодекстің 174 және 179-бабтары («Ұлттық алауыздықты қоздыру» және «Конституциялық құрылысты күшпен өзгерту») бойынша күдікке ілінген. 

«Неге басқа ұлт өкілдері камера алдында кешірім сұрай салады, ал қазақ өмірін түрмеде өткізеді», – деп жазды желі қолданушыларының бірі. 

Еске сала кетсек, 2020 жылы Марғұлан Боранбай «Ақ жол» партиясының қатарына кіретінін айтқан. Кейін оған мүшелік билетті партия төрағасы Азат Перуашев тапсырды.

«Ұлттық мүддені қорғап, сепаратизмге қарсы шыққаны үшін теріс пиғылды қызыл коммунистердің жала жабуымен ісі тергеліп, үйқамақта жатыр. «Ақ жолды» таңдаған Марғұлан Боранбайға ақ жол тілейміз!», – деп жазды Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса.

Қазіргі уақытта қоғам белсенділерінің қорғаушылары мен достары, жанашырлары аппеляциялық сотқа арыз түсіруді жоспарлап отыр. 

 
 

[:]