22 февраля, 2019 Comments Off on “Ұқсамасаң тумағыр”: Караокеде ән айтқан Қайрат Нұртастың кенжесі елді сүйсіндірді (видео)

“Ұқсамасаң тумағыр”: Караокеде ән айтқан Қайрат Нұртастың кенжесі елді сүйсіндірді (видео)

Алма ағашынан алысқа түспейді. Бұл сөздің растығын Хан Нұртас тағы бір мәрте дәлелдеді. Қайрат Нұртастың кенжесі анасына арнап ән шырқап, көпті сүйсіндірді, деп жазады Stan.kz

Немересінің ән айтқан сәтін Нұртас Айдарбеков желідегі парақшасында жариялады.

“Қасқадан қасқа тумаса да төбел туады деген рас-ау”, – деп пікір білдірді ол.

Бейнежазбада 4 жасар Хан орыс тілінде анасына арнап ән шырқаған.

Желі қолданушылары Ханның әкесіне ұқсаған “жұлдыз” болатынын болжап, оның ән айту мәнері мен тұрысына баға берді.

“Қайроштың копиясы, тұрысын айтсаңызшы”, “Әкеден асып туған ұл болсын”, “Қайратқа емес, сізге ұқсайды екен. Нағыз қасқа сіз болып тұрсыз”, – деп жазды олар.

 

Источник: Stan.kz

Загрузка...

Комментирование закрыто.