АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]ҰҚК: Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қатысқан екі экстремистік топ құрықталды (фото) [:]

[:kz]

Алматы аумағында 2022 жылғы 4-8 қаңтар аралығында болған тәртіпсіздіктерге белсенді түрде қатысқан екі экстремистік топ құрықталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми сайтында хабарлады. «9 қаңтарда, экстремистік әрекетке алдап-арбау, экстремистік ұйымға басшылық ету және оған қатысу, сондай-ақ жаппай құқыққа қайшы акцияларды жүргізу күдігімен бір ұяшықтың 4 мүшесі ұсталды.

Тұрғылықты мекендерін тексеру барысында атылатын қару, дыбыс-жарық гранаталар, оқ-дәрілер және діни әдебиеттер заттай айғақ ретінде тәркіленді. Ұйым жетекшісі халықаралық террористік ұйыммен байланысы бар, жаппай тәртіпсіздікке белсенді түрде атсалысқан шетел азаматы болып табылады», — делінген хабарламада. Сонымен бірге ҰҚК-нің мәліметінше, тергеу нұсқасы бойынша, күдікті Қазақстанға жаппай құқыққа қайшы акцияларды дайындап, сондай-ақ билік органдары мен қарулы құрылымдарға шабуыл жасау үшін келген.

Қазір күштік құрылымдар оларға көмек бергендерді іздестіріп жатыр. Ведомство тергеу мүддесіне сәйкес, басқа мәлімет жарияланбайтынын, тергеу амалдары жалғасып жатқанын атап өтті. «Сонымен қатар, кейбір БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінен қару-жарақтар, оқ-дәрілер, басқа да мүліктер ұрланғаны жайында таралған ақпараттар жалған болып табылады.

Террористік қауіптің «қызыл» деңгейінің талаптарына сәйкес, департамент күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруда», — деп қосты ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

Фото: ҰҚК ресми сайты

Фото: ҰҚК ресми сайты

 

kaz.nur.kz/

 

[:]