18 июня, 2019 Comments Off on “Үкіметте жүріп көрмегенді көрдім”: Бақыт Сұлтанов Нұр-Сұлтан әкімі болғаны туралы

“Үкіметте жүріп көрмегенді көрдім”: Бақыт Сұлтанов Нұр-Сұлтан әкімі болғаны туралы

Нұр-Сұлтан қаласының экс-әкімі Бақыт Сұлтанов сауда және интеграция министрі болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

"Мен солдатпын, мен қызметтемін. Қайда жіберсе, сонда жұмыс істей беремін", - деді Сұлтанов өзінің тағайындауына қатысты. 

Журналистер Сұлтановтың қаржы саласына қайта оралуына қатысты пікір сұрады. 

"Шын мәнінде, бұл саланың қаржыға қарағанда да ауқымы кең. Мен экономиспін, қаржыгермін, көп уақыт үкіметте жұмыс істедім. Менің білімім мен тәжірибемнің қажет болып отырғанына қуаныштымын", - деп қосты министр. 

Мұнымен қатар, Сұлтанов сауда мен интеграция министрлігінің қызметі президент өкімінде көрсетілгенін атап өтті. 

"Бұл - біздің экспортты, бәсекеге қабілеттілікті, өнімді қолдау. Интеграция бірінші кезекте ұлттықты қамтамасыз етеді", - деді ведомство басшысы. 

Бұдан өзге ол қажет болған кезде қаншалықты Нұр-Сұлтан әкіміне көмектесуге әзір екенін жеткізді. 

"Барлық жерде жұмыс істеудің өз қызығы бар. Әкім болып отырып көп нәрсе көрдім. Оны үкіметте жүріп көрмеген едім. Мен енді тәжірибелі астаналықпын. Өзімнің жазбамда тиіп-қашып жұмыс істей алмайтынымды жазған болатынмын", - деп қосты ол. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Бақыт Сұлтановтың жаңа құрылған министрлікті басқаратыны туралы хабарлаған болатынбыз. 

 Stan.kz

 
Загрузка...

Комментирование закрыто.