АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Үкілі бала Ерболсын мен әнші Назиманың арасында қандай байланыс бар? [:]

[:kz]

Үкілі бала Ерболсын мен әнші Назиманың арасында қандай байланыс бар?

Бала күнінен емшілігімен танымал болған Ерболсын Серікбаев қазір Ақтөбе қаласында тұрады. Ол бүгінде бұрынғыдай «үкілі бала» емес. Ем жүргізуден бөлек әнмен, бимен әуестеніп, әлеуметтік желіні белсенді пайдаланатындар қатарында. Instagram арқылы достары, туыстары туралы ашық ақпараттарды жүктеп, емделушілерінің алғысымен де бөлісіп отырады.

30,6 мыңнан аса оқырманы бар үкілі бала соңғы жазбаларына Назимамен түскен бірнеше фото жүктеді. Емші мен әншінің арасында қандай байланыс бар?

«Назимамен дос ретінде жақсы араласамыз. Басқа артық ештеңе жоқ. Ол да Ақтөбеге екі рет келіп кетті. Мен де Мәскеуге екі рет бардым. Оның әндерін сүйіп тыңдаймын десем болады. Әннен бұрын біз көбірек доспыз. Сөйлесеміз, әңгімелесеміз, сырласамыз. Ол маған емделмейді. Бір рет көрінді. Одан кейін бір-бірімізге кеңес беріп, дос сияқты араласамыз»,- деді емші Ерболсын Серікбаев.

Емші Instagram парақшасына әншімен түскен суретін үш күн бұрын салған. Ол оның қашан түсірілген сурет екенін айтуды құпия қалдырды. Назима да үш күн бұрын желіге жазба қалдырып, Мәскеуден көлікпен қайтқанын ашық жазған еді. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Қорқыт ата туралы не білеміз? «Бұл карантин мені бақытты етті! Отбасыммен кездестірді. Бірнеше тәулік бойы 3,5 мың шақырым жол жүрдік — біз біргеміз! Кез келген жағдайдан жақсылықты іздеуіңіз керек! Мен сондай қуаныштымын!

Мен мұны сіздермен бөліскім келеді. Отбасымен уақыт өткізіңіз»,- дейді Nаzima өзінің парақшасында. Қазір Мәскеу шекарасынан келетін көліктің барлығы Ақтөбе облысы арқылы өтетінін ескерсек, әнші мен емшінің жақын күндері кездескен болуы да әбден мүмкін.

https://kaz.nur.kz/1854815-kili-bala-erbolsyn-men-nsi-nazimany-arasynda-kandaj-bajlanys-bar.html

[:]