АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Үйге алып келді»: Айдар Тұрғанбек арыстық отбасына қамқор болған анасын айтып мақтанды[:]

[:kz]

Айдар Тұрғанбек арыстық отбасына қамқор болған анасын айтып мақтанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жайлы өнер иесі желідегі парақшасында жазба қалдырған. Айдар Тұрғанбектің анасы оқыс жарылыстан бас сауғалайтын жер таппай, жан амандығы үшін басы ауған жаққа қашқан екі отбасын бала-шағасымен үйіне алып келген көрінеді. Өнер иесі бәріміз осылай жасап, амалдайық деп, жұртты мейірімділікке шақырды. 

«Анам барып екі отбасыны бала-шағаларымен үйге алып келіпті. Алла разы болсын анашыма. Бұны инстаға салып отырған себебім мақтаныш емес, бәріміз осылай 2-3 отбасыдан үйге алып келсек, үлкен көмек болар еді. Көбісі көшеде отыр, кешелі бері ұйықтамаған, жуынбаған, шаршаған әбден. Іске көшейік», — деп жазды өнер иесі. 

Айдар Тұрғанбектің анасының әрекеті желідегі жұртты таңқалдырды. Олар кезектесе пікір жазып, ойларын білдірген. 

«Тіпті туысымыз сыйдырмайтын заманда бұл жүректі жібітер іс екен», «Не деген көрегендік», «Анаңыз иманды жан екен», «Алла жақсылықтарыңызды еселеп қайтарсын», — деп пікір білдірді жұрт.

[:]