«Есіктен есікке» акциясы аясында аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар В.Мырзағали, С.Сарсенгалиева және партияның сенімді өкілдері Мұқыр ауылы тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары жөнінде айтып өтті. Үміткерлер елді мекен тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, халықты толғандырған сауалдарға жауаптар берді. Бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары барлық топтағы халықтың мүддесін қорғау және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын болу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға бағытталғанын баса айтқан жөн.
Үгіт-насихат жұмыстары санитарлық талаптарға сәйкес қауіпсіздік шаралары қатаң сақтала отырып, өткізілді.

Новости Казахстана. Алтын Орда

Рубрика: ,