АЛТЫНОРДА
Ақорда жаңалықтары

[:kz]Туыстарым менің атымды пайдаланып заң бұзса, жауапқа тартылуы керек – Нұрсұлтан Назарбаев[:]

[:kz]

 

Нұрсұлтан Назарбаев саясаткер Данияр Әшімбаевқа сұхбат беріп, қаңтар оқиғасы мен Кәрім Мәсімовтің ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Сол кезде мен үшін түрлі өсек пен болжамдарға қарағанда, президентке қолдау көрсету маңызды болды. Мен оған Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы  өкілеттігін бердім. Президенттің шешімдерінің арқасында оқиға дамуының ең нашар нұсқасының алдын алды», – деді Назарбаев өз сұхбатында. 

Елбасы тиісті құқық қорғау органдарының елде дайындалған тәртіпсіздіктер туралы неліктен білмегенін және алдын алмағанын анықтау керегін мәлімдеді. 

«Кәрім Мәсімовке қатысты қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Менің ойымша, құзырлы органдар мән-жайын анықтайды», — деді ол. 

Назарбаевтың айтуынша, туыстары оның атын пайдаланып, заң бұзса, тиісті жауапқа тартылуы керек. 

«Біз ұзақ уақыттан бері Қазақстанда құқықтық мемлекет құрып жатырмыз. Оның негізгі принципі – заң барлығына бірдей. Егер менің туыстарым менің сыртымнан атымды пайдаланып заң бұзса, тиісті жауапкершілікке тартылады. Кінәсі сот арқылы дәлелденуі қажет. Әр азаматтың заңмен қорғалуына құқығы бар екенін ұмытпауы керек», – деді Назарбаев. 

Елбасы Рахат Әлиев туралы да айтып өтті. Сөзінше, Әлиевтің күйеу баласы болуы оның заң аясында жазаға тартылуына кедергі болмаған. 

«Барлығы Рахат Әлиевтің оқиғасын білетін шығар. Ол менің қызымның күйеуі еді. Мен үшін де ұлым сияқты болатын, немерелерінің әкесі. Бірақ мұның барлығы оның заңсыз әрекеттеріне мемлекеттің көз жұма қарауына негіз болмады. Алайда қашып үлгерді және өмірінің соңына дейін қашып жүрді», – деп қосты ол.

[:]