27 сентября, 2019 Comments Off on Түрмеде аузын тігіп тастады (видео)

Түрмеде аузын тігіп тастады (видео)

Маңғыстау облысында аса ауыр қылмыс істеген жазасын өтеуші наразылық білдіру үшін өз ауызын тігіп тастаған. Үш адамнан өз дене мүшесін зақымдаушылық дерегі анықталған. Бұл туралы «Лада» сайтына сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлайды.

25 жастағы сотталушы Ақтау қаласында 2013 жылдан бері қауіпсіздік деңгейі ең жоғарғы мекемеде жазасын өтеп жатыр. Ер адам тамақ ішуден бас тартып, өз ауызын тігіп тастаған. Ол өңір прокурорымен кездесуді сұрап отыр. «Бұл әрекетіммен мен өзімнің денсаулығыма қиянат жасап отырмын. Мұндай қадамға баруыма мекеменің әкімшілігінің әрекеті түрткі болды. Олар менің конституциялық құқығымды бұзады.

Прокурордың біздің колонияға келуін, мені және де басқаларын қабылдауды сұраймын», — делінген хабарламада. Кейінірек Маңғыстау облысының прокуратурасының өкілдері осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Үш адамның өз денсаулығына киянат келтіргені белгілі болды. «Оқиға орнына облыстық прокуратура қызметкерлері мен облыстық полиция департаменті жедел тергеу тобы аттанды.

Осы дерекке қатысты «Азаптаулар» бабы бойынша мекеме қызметкерлеріне қатысты біріңғай тізілімге тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізу Антикоррупциялық қызметке тапсырылды», — делінген құзырлы орган хабарламасында. Тергеу шарасы облыстық прокурор бақылауына алынды. Сотталушылар тігістерін алып, тамақ іщуге кіріскен.

jasqazaq.kz

Загрузка...

Комментирование закрыто.