30 марта, 2019 Comments Off on Түркияда құпия жағдайда қайтыс болған қазақ қызының соңғы жазбасы (видео)

Түркияда құпия жағдайда қайтыс болған қазақ қызының соңғы жазбасы (видео)

 

Түркияда қайтыс болған Елдана Қаһарман өзінің Instagram парақшасына 21 наурызда жазба қалдырған деп жазады Qamshy.kzақпарат агенттігі. Аталмыш жазбада Елдана Қаһарман Астана атауының өзгеруіне қатысты өз пікірін білдіріпті.

 

"Біздің елдің билігіне не жетпей жүргені белгілі болды. Ешқандай референдумсыз Астананың атауын өзгертуге шешім қабылдапты. Мен, біз таңдамаған шенділер Астананың атауын өзгертті. Біздің ешқандай таңдау құқығымыз жоқ. Мен Астана атауының өзгеруіне қарсымын", - деп жазған Елдана Қаһарман.

 

Түркиядағы әріптестері де Елдана Қаһарманның туған-туыстарына, ата-анасына көңіл айтып, Елдана туралы естеліктерімен бөлісті.

 

"Біз өз телеарнамыздың қожайынын жоғалтқандай болып отырмыз. Елдана үнемі күліп жүретін, айналасын да күлдіретін энергияға бай әрі түсінігі мол қыз еді. Ата-анасы мен туған туыстарына қайғыра көңіл айтамыз", деп жазған телеарна журналистері.

Елданы танитын жандар өз-өзіне қол салды дегенге сенбейді. Себебі Елдана өмірге құштар қыз болған. Аталмыш жайт бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ Елдана Қаһарман Түркиядағы өмірі мен қызметі туралы өзінің Youtube арнасында айтқан.

 

 

 Qamshy.kz

Загрузка...

Комментирование закрыто.