АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Түркістан облысында медицина қызметкерін қорқытқан сақалды ұсталды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Түркістан облысында медицина қызметкерін қорқытқан сақалды ұсталды ...

Әлеуметтік желіде Мақтаарал ауданында белгісіз ер адам медицина қызметкерін қорқытып жатқан бейнежазба таралған болатын.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында медицина қызметкерін қорқытқан ер адам әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz

Әлеуметтік желіде Мақтаарал ауданында белгісіз ер адам медицина қызметкерін қорқытып жатқан бейнежазба таралған болатын. Аталған жайт Мақтаарал АПБ-не “қорқыту” бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. 

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Оған қоса құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген төтенше жағдай кезінде қасақана медицина қызметіне бағытталған “ұсақ бұзақылық” жасағаны үшін хаттама толтырылды. Аудандық соттың қаулысымен бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

 Skifnews.kz ақпарат порталы

[:]