АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Түркістан облысында батпаққа батқан бұзауды құтқару сәті ВИДЕОға түсіп қалды[:]

[:kz]

Облыс әкімдігінің ресми сайтындағы дерекке сүйенсек, селдің салдарынан 620 үй зақымданған. Қазіргі таңда жауапты мамандар су басудың салдарынан келген шығынды есептеп жатыр.

Әлеуметтік желіде Түркістан облысында су басу оқиғасы кезінде батпаққа батқан бұзауды құтқару сәті түсірілген видео таралып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұзаудың құтқарылуы жайлы видеоны және ақпаратты Түркістан облысына белгілі журналист Ғабит Сапарбеков Facebook парақшасына жүктеді. 

«Мақтаарал ауданы Фирдоуси ауылында 250 үй тұрғындары эвакуацияланған. 2020 жылғы 2 мамыр күні кешкісін ауылдың орталық көшелерін аралау (обход) барысында Түркістан облыстық ТЖД мен полиция Басқармасы қызметкерлері «ысылдаған» дауысты құлақтары шалып қалған. Анықтап барып қараса, тек «кішкентай мұрын» көрінген. Тарта келе, белгісіз нысанның бұзау екені анықталып, құтқарушылар жануарды батпақтан шығарған. Нәтижесінде бір бұзау аман», — деп жазды желіде Ғабит Сапарбеков. 

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанның Сырдария облысында орналасқан «Сардоба» су қоймасының дамбасының бұзылуына байланысты 2020 жылдың 1 мамыр күні сағат 16:00 шамасында Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында бірнеше елдімекендерде орналасқан коллекторларға су толған. 

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданы әкімдігі шұғыл штаб құрып, тиісті жұмыстарды атқаруда. Облыс әкімдігінің ресми сайтындағы дерекке сүйенсек, селдің салдарынан 620 үй зақымданған. Қазіргі таңда жауапты мамандар су басудың салдарынан келген шығынды есептеп жатыр. 

 

[:]