Түркістан облысы Сайрам ауданында ауызашар кезінде газ балоны жарылд. Сегіз адамды 19 пайыздан 90 пайызға дейін күйік алған. Оқиға 9 мамыр күні орын алған.

Ауызашар өткен дәмхананың иесі мен оның 5 жарым жастағы ұлы қатты күйіп қалған. Бүлдіршін аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәмхананың иесі біраз жылдан бері шаурма жасап сатумен айналысып келген. Қазір мамандар оқиғаның себебін анықтап жатыр.
“Сайрам аудандық орталық ауруханасында 8 адам жатыр. Оның 3-еуінің жағдайы ауыр. (Ішінде 5,5 жасар бала бар). 6 адам жансақтау бөлімінде. Науқастарға барлық медициналық көмек толық көрсетілуде. Олардың жағдайы бірқалыпты болған жағдайда науқастар облыстық клиникалық ауруханаға ауыстырылады”-деп хабарлады Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
elitar.kz

Рубрика: