АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Түрікменстан президенті 122,5 келі есірткіні пешке салып, өртеп жіберді (видео) [:]

[:kz]

 

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов камера алдында 123 келіге жуық есірткіні өртеп жіберді. Осылайша ол тыйым салынған заттардың көзін жоюға арналған жаңа пешті ашты деп хабарлайды Хроники Туркменистана порталы. Ашхабадтан 100 шақырым жерде орналасқан жаңа пеште өртелген тыйым салынған заттардың жалпы салмағы 122,5 келіні құраған.

Басылым жария еткен кадрларда Бердымухамедовтың өз көлігімен нысанға қалай келгені көрсетілген. Содан кейін ол әскери қызметкерлердің алдына тоқтап, үлкен пешке есірткі салынған пакеттерді лақтыра бастайды.

Әдетте тәркіленген есірткіні жою акциясы жыл сайын 26 маусым – Халықаралық есірткі айналымына қарсы күрес күні ұйымдастырылады. Биыл бұл шара жаңа кешеннің ашылуына орай кейінге шегерілді. Жаңа нысан маңында мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің көшпелі отырысы да ұйымдастырылған.

Еске сала кетсек, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов отандық гаджеттердің соңғы үлгілерін қарап шығып, олар үшін өз атауларын ойлап тапты. Айта кетейік, коронавирусты ащы сорпамен емдеуді ұсынған Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов пандемияның қаншалықты қауіпті екенін мойындады.

Сонымен қатар,Түркіменстан билігі республиканың Қылмыстық кодексіне өзгерту енгізді. Енді «қауіпті жұқпалы аурулардан» емделуден жалтарғандар немесе ауруханадан қашқандар екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

kaz.nur.kz/

 

[:]