12 февраля, 2020 Comments Off on Тұрғын зейнетақыға қосылған қаржыға “алғыс ретінде” депутаттарға дәретхана қағазын апарып берді (видео)

Тұрғын зейнетақыға қосылған қаржыға “алғыс ретінде” депутаттарға дәретхана қағазын апарып берді (видео)

 

Ресей Федерациясы аумағында қоныс тепкен Карелия аймағында қызық жағдай орын алды. Онда зейнетақыға қосылған ақшаға көңілі толмаған егде жастағы кісі депуттаттарға дәретхана қағазын апарып берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Әлеуметтік төлемдерге қосылған қаржыға көңілі толмаған Карелия тұрғыны Заң шығару жиналысына келіп, екі бума дәретхана қағазын депутаттарға ұсынып, "алғыс айтты".

Видео "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде пайда болды.

Отставкадағы ФСБ подполковнигі барлық еңбек ардагерлерінің атынан мысқылдап алғысын білдірді.

Оның айтуынша, зейнетақыға қосылған 21 рубль екі бума дәретханаға қағазына ғана жетеді.

"Ардагерлердің төлемдеріне қосылған ақшаға екі бума дәретхана қағазын сатып алдым. Оны сізге мақсатты түрде пайдалану үшін беремін", - деді қария.

Айта кетейік, 2019 жылдың соңында Карелияның Конституциялық соты жергілікті билік органдарына индекстеуді жүргізуді тапсырған. Соның нәтижесінде зейнетақының өсім мөлшері 21 рубль болған.

 

Загрузка...

Комментирование закрыто.

2025d523818cd5cb